17 Желт 2024
Без категории

Мектеп тарихы

Мектептің қысқаша тарихы

1953 - 1954 оқу жылы Сталин атындағы жеті жылдық мектеп болып ашылды. Алғашқы мектеп директоры Қалашов Жұмағали. Ол жылдары мектепте Байтұрсынов Тұрсынбек, Хамзин Сейтжан есімді ұстаздар қызмет жасады.

1960 - 61 оқу жылдары мектеп Аманкелді атындағы сегіз жылдық мектеп болып өзгертілді. 1960 - 1971 оқу жылдары мектепті Едіресов Қибаш басқарды. Осы жылдары мектепте Жарманов Рамазан, Аппазов Сағи, Оспанов Нағашыбай, Әбілхасенов Сағи, Нуркин Үсенбай, Топаева Марияш есімді ұстаздар дәріс берді. Мектеп негізгі мектептен онжылдық орта мектеп болып 1971 - 1972 жылы өзгерген, алғашқы директоры Едіресов Қибаш. Орта мектеп атанғаннан бері мына төмендегі азаматтар мектеп директоры қызметтерін атқарып келді.

1972 - 1980 оқу жылдары Байбосынов Есқали

1980 - 1983 оқу жылдары Қабжанов Қабдеш

1983 - 1984 оқу жылдары Әділбеков Сабыр

1985 - 1993 оқу жылы Оспанов Сәбитбек

1993 - 1995 оқу жылы Қалиев Серікбай

1995 - 1998 оқу жылы Хамзина Жұпаркүл

1998 - 1999 оқу жылы Сүлейменұлы Серік

1999 - 2006 оқу жылы Хамзина Жұпаркүл

2006 - 2010 оқу жылы Әбдібаев Меңдібай

2010 - 2018 оқу жылы Бейсенбеков Асыланбек

2018 - 2022 оқу жылы Жаксылыков Нурболат

Мектепте 2023 - 2024 оқу жылына дейін 805 түлек бітірді. Жоғарғы оқу орнын бітіргені - 157, арнаулы оқу орынын 301 түлек бітіріп шықты. Мектепте 1971 - 2024 оқу жылдары аралығында 25 - 35 мұғалім қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында КСРО білім беру ісінің үздігі - 1, Еңбек қызыл ту орденді - 1, Қазақстан білім беру ісінің үздігі - 8, Аға мұғалім - 1, методист мұғалім - 1, Ы. Алтынсарин медалінің иегері - 1.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар